Не себепті «Росатом» Қазақстан уранын экспорттауға көшті?
Фото: kursiv.media
Sputnik ақпараттық порталында Қазақстандағы уран өндірушілеріне қатысты ақпарат тарады. Ол ақпаратта уран өндіруші компаниялардың активтерге иелік ету үлесі инфографика арқылы көрсетілген. Бұл туралы Energy analitics телеграм арнасының авторы, сарапшы Абзал Нарымбетов жазады.
Ол инфографикаға сенсек, барлық активтер ретімен бөлінген секілді. Алайда «Буденовское» БК «Қазатомөнеркәсіптің» уран қорының 5/1 құрайды. Бұл көлем әлемдік уран жеткізілімінің 10%-на шақ. Сол себепті де телеграм арналары бұл инфографиканы Қазақстан халқын «тыныштандыру» үшін жасалған деп бағалады. Яғни инфографикаға бір қарағанда «Росатомның» уран өндірісінде соншалық басымдыққа ие емес секілді көрінуі мүмкін.
Алайда іс жүзінде «Росатомның» Қазатомөнеркәсіптегі өндіріс үлесі 21 пайызды құраса, қордағы үлесі 27 пайызды құрайды. Ресейдегі «Росатом» жылына 2,5 мың тонна уран өндіреді. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш күрт төмендей бастаған. Бұл ондағы қордың таусыла бастағанын көрсетсе керек. Сол үшін де Ресей Қазақсан уранын экспорттауға көшкен. Өйткені бұл елдің Қазақстаннан басқа елде активтері жоқ.
Қазақстанда «Росатом» компаниясының уран өндіру көлемі өскен. Мәселен, 2022 жылы өндіріс көлемі 4 мың тоннаны құрады. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш ұлғая түспек. Өйткені «Росатом» тағы бір активке ие болды. Енді ол Қазақстанда орналасқан, әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі саналатын «Буденовское» кен орнының 49% иелік етеді. Бұл мәміленің құны 1,2 миллиард долларды құраған. Ал сарапшылар кеніштің қор көлемін ескергенде, баға бұдан 5 есе жоғары болуы керек деп болжайды.
Статистика бойынша 2022 жылғы Қазақстандағы уран өндірушілер тізімі мынадай:
- Қазатомөнеркәсіп – 55%
- Росатом – 21%
- Cameco – 7%
- CGNM UK Limited – 6%
- Orano – 6%
- Жапон компаниялары – 4%
Мұнаймен салыстырғанда уран өндірісінің үлесі бірнеше ірі компанияларда шоғырланған. Ал»Қазатомөнеркәсіп» Қазақстандағы уран өндірісінде жетекші орынға ие.