Қаржылық мониторинг агенттігі 22 қаржы пирамидасын анықтаған

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларының кеңейтілген тізімін жариялады. Бұл туралы Агенттіктің баспасөз орталығы хабарлады.

Қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке біраз компниялар ілінген. Агенттік өклдері өз қаражатын инвестициялауға бел буған азаматтардың бірінші кезекте осы тізіммен танысып алғанын жөн деп санайды. Сонымен бірге ҚНРДА реестрі де бар.

«Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына хабарласыңыз», делінген баспасөз хабарламасында.

Агенттік осы жылдың басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Сонымен бірге кибербақылау жүйесінде 4000-ға жуық сайттар мен аккаунтар бұғатталған. Әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу арқылы алдын алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржылық пирамида белгілері бар контентке жазылудан бас тартқан.

Еске салайық, қаражатты инвестициялау кезінде азаматтар белгілі бір компанияда қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін ҚМА телеграм ботын пайдалана алады. Жыл басынан бері бұл ботқа 3511 өтініш түскен.

Былтыр 2021 жылмен салыстырғанда, қаржы пирамидалары туралы қылмыстық істер 3 есеге өсіп, 32-ден 72-ге дейін жеткен. Бұл жайлы ҚР қаржылық монторинг агенттігінің басқарма басшысы Өмірсерік Тажмағанбетов мәлімдеген.

Қаржылық мониторинг агенттігі аржы пирамидалары мен олардың салымшыларын барынша азайту мақсатында Telegram-ботты іске қосқан болатын.

.

Сондай-ақ оқыңыз