Мамыр айында халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар ұлғайды

Жарияланды

2023 жылдың сәуір айында Қазақстандағы банктердің активтері 184 млрд теңгеге қысқарды, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Қазақстандық банктердің активтері 1 сәуірде 45 трлн болса, 2023 жылғы 1 мамырда 44,8 трлн теңгені құраған. Нәтижесінде, активтер көлемі 184 млрд теңгеге немесе 0,4%-ға азайған.

Ал корреспонденттік шоттар бойынша көрсеткіш сәуірде 3,2 млрд теңге болса, мамырда 286,8 млнға азайған.

Міндеттемелер жиынтығы 39,3 трлн теңгеден 38, 9 теңгеге дейін азайған.

Құжатқа сәйкес, екінші деңгейлі банктердің капиталы 2023 жылдың сәуір айында 207 млрд теңгеге өсіп, 5,9 трлн теңгеге жетті.

Пассивті жиынтық бойынша көрсеткіштер де біршама өзгерген. Сәуірде ол 45 трлн құраса, мамыр айындағы көрсеткіш 44,8 трлн теңге болған.

Ал халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар көлемі керісінше өскен. Сәуір айында бұл көрсеткіш 50 млн теңгеден мамыр айында 65,9 млн теңгеге жеткен.

Сондай-ақ оқыңыз