Жаңалықтар

Алаяқтар «Қазақстанның орнықтылық қоры» атынан жалған кепілдік хаттар таратуда

Алаяқтар
Фото: Shutterstock

Алаяқтар «Қазақстанның орнықтылық қоры» атынан жалған хаттар таратып, сол арқылы азаматтардың қаражатын заңсыз иемденуге әрекет жасап жатыр. Осыған байланысты Қор тарапынан ескерту жасалды.

Ақпаратқа сәйкес, алаяқтар азаматтарға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын беру және меншік құқығын тіркеуге кепілдік беру бойынша Қор басшыларының атынан жалған кепілдік және ақпараттық хаттар таратуда.

«Қор ешкімге ешқандай хаттар бермейтінін ресми түрде мәлімдейміз. Қор «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының операторы және тек екінші деңгейлі банктермен ғана жұмыс істейді. Қор жеке тұлғалармен жұмыс жүргізбейді, тұрғын үй нысандарының құрылысына қатыспайды және балансында тұрғын үй мүлкі жоқ», делінген хабарламада.

Осыған байланысты «Қазақстанның орнықтылық қоры» азаматтарды қырағы болуға шақырады. Қор атынан белгісіз біреулердің хаттар немесе анықтама құжаттар беріп жүргенін көрсеңіз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласу сұралып отыр.

Сұрақ, не күдік туған жағдайда, Қорға +7 (727) 277-20-25 телефоны арқылы хабарласуға болады.