Жаңалықтар

Франция билігі Украина үшін қауіпсіздік кепілі болуға дайын

Франция серіктестермен Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктері туралы ықтимал келісімдерді талқылауға дайын, деп хабарлады Француз СІМ өкілі.

«Франция Украинамен ұзақ мерзімді және болашақ агрессиялардың алдын алуға көмектесетін қауіпсіздік кепілдіктерін ұсынуға бағытталған келісімге дайын», – деп хабарлады Францияның Сыртқы саясат басқармасы.

The Wall Street Journal НАТО қазіргі уақытта Украинаны өз қатарына қабылдау туралы мәселені қарастырмаса да, альянстың жетекші мемлекеттері Киев үшін елдің қорғаныс қабілетін күшейтуді және оның егемендігін нығайтуды көздейтін қауіпсіздіктің ықтимал кепілдіктерін талқылап жатқанын жазды.

Украина қауіпсіздігінің кепілі АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Франция болуы мүмкін, деп хабарлады басылым.