Францияда қысқа қашықтыққа ұшатын ішкі рейстерге тыйым салынды
Жарияланды
Франция билігі қысқа қашықтыққа ұшатын ішкі әуе сапарларына тыйым салды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«L. 6412-3-баптың II тармағымен тыйым салынған тұрақты жолаушылар әуе тасымалына әр бағытта екі сағат отыз минут уақытпен теміржол қатынасымен ауыстыруға болатындар жатады», – делінген құжатта.
«Бұл парниктік газдарды аз шығаратын көліктерге көшуді ілгерілету жөніндегі үкіметтің саясатына толық сәйкес келетін әлемдегі алғашқы шара», — деді Көлік министрі Клемент Бон BFMTV телеарнасына.
Бұл шара тек транзиттік рейстерге қолданылмайды. Сонымен қатар, пойыздың кету және келу пункті әуе қатынасымен бірдей қалалар болуы қажет.