2023 жылдың І тоқсанында Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда айналымы $10,2 млрд құрады
2023 жылдың І тоқсанында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы тауар айналымы 10,2 млрд. АҚШ долларын құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5% жоғары ( $9,1 млрд), деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі.
ЕО Қазақстанның ірі сауда серіктесі және ҚР сыртқы саудасының 30%-ы одақ елдеріне тиесілі. Өзара сауда динамикасы жыл сайын өсіп келеді.
Қазақстан ЕуроОдаққа машина жасау, темір және болат өндірісі, тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы сияқты салаларда 2,3 млрд. АҚШ долларына т 175-тен астам тауар түрін ұсынады. Сондай-ақ, ірі астық өндірушісі бола отырып Қазақстан жаһандық азық-түлікпен қамтамасыз етуде ЕО-ның стратегиялық серіктесі бола алады.
ҰЭМ дерегі бойынша, былтыр тауар айналымының өсімі 38%-дан асып, шамамен $40 млрд құраған. Ақпаратқа сәйкес, 2022 жылы Қазақстанның Еуродақ елдеріне экспорт көлемі $32,4 млрд. құрады. Ал, ЕО-дан елімізге келген импорт көлемі $7,6 млрд жетті.
Алматыда өткен «ЕО-ОА» екінші экономикалық форумы аясында Премьер-министр Ә Қазақстан мен ЕО арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Өткен жылы Еуроодақтан Қазақстан экономикасына тартылған тікелей инвестициялар көлемі шамамен 23%-ға өсіп, $12,5 млрд-қа бұл – соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.