Polymetal-дың қазақстандық активтеріне санкция салынған жоқ – компания мәлімдемесі

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Polymetal International plc атқарушы директоры Виталий Несис компанияның Қазақстандағы активтері санкцияға ұшырамайтынын айтты.

«Polymetal International plc, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы біздің барлық активтеріміз OFAC жариялаған SDN тізіміне енбегенін және санкцияларға ұшырамайтынын атап өткім келеді, деді компания өкілі.

«Бақыршық тау-кен кәсіпорны» ЖШС-нің Қызыл жобасы және «Варваринское» АҚ мен «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС-нің Варваринский торабы әдеттегідей жұмыс істеп жатқанын айтқан Несис, мемлекет алдындағы және кредиторлар, серіктестер мен қызметкерлер алдындағы барлық міндеттемелер толық көлемде орындалғанын мәлімдеді.

«Қазақстан аумағындағы активтеріміз ресейлік активтерден барынша оқшауланған. Олар – параллельді активтер. Бұл Polymetal-ды Қазақстанға редомициляциялау жобасының бір бөлігі. Яғни, одан кейін әр елдегі активтер ерекшеліктеріне байланысты бөлінеді», дейді компания басшысы.

Сонымен бірге ол SDN тізіміне тек Ресей Федерациясындағы Polymetal активтеріне иелік ететін «Полиметалл» АҚ ғана енгенін жеткізді.

Бұған дейін, Джерси аралына тіркелген Polymetal International plc («Полиметалл») өз акционерлері мақұлдаған жағдайда Қазақстандағы «Астана» халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) қайта тіркелу ниеті туралы хабарлаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз