Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2023 жылдың бірінші тоқсанында ішкі нарықта 21,6 млн литр арақ сатылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,1%-ға көп.
Сондай-ақ, 8,2 млн литр коньяк сатылыпты, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 2,9 есе. Көпіршікті шарапты қоспағанда, 8,4 млн литр шарап, 845,7 мың литр көпіршіген шарап саудаланған. Ал сыра саудасы 13,5% азайып, 151,2 млн литр болыпты.
Осылайша, елімізде арақ өндірісі 1,5 еседен көп ұлғайған (19 млн литрге дейін), ал экспорт 40%-ға төмендеген. Дегенмен, мұның өзі ішкі сұранысты қанағаттандыра алмаған. Сырттан 2,9 млн литр арақ импортталған. Ал, коньяктың өндірісі 2,6 есе өскен, 6 млн тоннаға жетіптіғ импортты 4,3 есе – 4,4 млн литрге дейін. Сондай-ақ, коньяк өндірушілер 2,2 млн литрді экспортқа шығарған. Бұл өткен жылдың алғашқы тоқсанындағы көрсеткіштен 4,1 есе көп.
Шараптың ішкі өндірісі де импорт көлемі де артқан. Алайда, бұл өнім мүлде экспортқа шығарылмапты. Ал, сыра өндірісі 14,1% төмендеген. Импорт 12,1%, 18,4 млн литрға ұлғайған. Сыра экспорты да 3,8 есе, 4,1 млн литрге ұлғайған.