Ресейде тұтанған өрт «Семей орманы» табиғи қорығын шарпыды
Абай облысында орман өртін сөндіруге барлық күштер мен құралдар бағытталған. Өрт орнына барлық қызметтер жөнелтілді, сондай-ақ оның қатарында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковта бар.
Абай облысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен, барлық қызметтер эвакуациялауға дайын.
Айта кетейік, 22 мамыр күні сағат 15:25-те РФ Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында тұтанған өрт Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл станциясынан 7 км қашықтықта «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағына өтіп, құрғақ шөп өртенген. Орман шаруашылығының мәліметтері бойынша сағат 22:50-дегі жағдай бойынша өрттің алдын ала ауданы 70 га құрайды.
Қазір, өртті сөндіруге өңірдегі күштер жұмылдырылған. Өрт орнына қосымша Семей қаласынан өрт сөндіру техникасы жіберіледі. Айта кетейiк, дүйсенбі күні түнгі сағат 23:07-де Семей қаласынан ауыл станциясына ҚТЖ өрт сөндіру пойызы келді.