Сингапурдың «Indorama Corporation Pte» компаниясы Жамбыл облысы аумағында фосфорлы тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу жобасын іске асырады. Жоба құны – 250 миллион АҚШ доллары. Жобалық қуаты – 150 000 тонна түйіршікті суперфосфат өндіру. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстан-Сингапур бизнес-форумы аясында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов пен «Indorama Corporation Pte» компаниясының өкілі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Зауыт жобасын іске асыру аясында 800 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Айта кету керек, «Indorama» компаниясының әлемнің 37 елінде 150-ден астам өндірістік алаңы бар десек, оның ішінде 8 елде 10 тыңайтқыш зауыты жұмыс істейді.