123 млн теңге залал: Алматы облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды

Жарияланды
Фото: Архив Kursiv.media

Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты. Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, Алматы облыстық білім басқармасының бұрынғы қызметкерлері білім беру мекемелеріне қашықтықта оқытуға арналған ноутбуктерді сатып алу келісім шартын жасасуда қылмыстық әрекетке барған.

Сотқа мәлім болғанындай, 2020 жылдың тамыз және қараша айлары аралығында басқарма бастығы О. мемлекеттік функцияларды іске асыруға уәкілетті А.-мен сөз байласып, бір көзден мемлекеттік сатып алу шарты сомасының 10 пайызы көлемінде пара алу мақсатында А.- дайындаған М.-мен Н.- ға бағынышты ЖК-мен Алматы облысының білім беру мекемелеріне қашықтықта оқытуға арналған ноутбуктерді сатып алу туралы осы келісім шартқа қол қойған.

Ал, 2023 жылдың 21 ақпанында аса ірі мөлшерде пара алу, пара беру және алаяқтық қылмыстыры бойынша сотқа берілген Алматы облыстық білім саласындағы төрт лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды. (ҚР ҚК-нің 366-бабы, 4-бөлігі, 367-бабы 4-бөлігі, 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы).

«Осыдан кейін Н. және М. өздерінің алаяқтық жолымен бюджетке тиесілі қаражатты жымқыру қылмыстық жоспарларын іске асырып, аталған ноутбуктерге лицензияланбаған «Microsoft Windows» бағдарламасын ақша қаражаты шығынынсыз интернет желісінен жүктеу арқылы өздері орнатқан. Кінәлілердің қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке 122 996 086 тенге көлемінде аса ірі залал келтірілген» делінген хабарламада.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыларды кінәлі деп танып О., М., және Н.-ға 14 жыл, А.-ға 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән жайларды – А. мен Н.-де жас балаларының барын ескерген.
ҚР ҚК-нің 54-бабына сай қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән жайларға сот О. мен А.-ның кәсіби антын бұзғандарын жатқызды.

«Сот үкімімен О. мен А. ҚК-нің 366-б. 4-б. кінәлі деп танылды, оларға осы баппен мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тиым салына отырып 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. М. және Н. ҚК-нің 367- б. 4- б, 190- б. 4- б. 2-т. кінәлі деп осы баптармен оларға түпкілікті мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тиым салына отырып 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Сондай-ақ оқыңыз