Францияда Әбілязовтың ісі қайта қаралатын болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
аблязов
Фото: Kursiv.media

Францияның кассациялық соты қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әбілязовке қатысты апелляциялық сот шешімін жарамсыз деп таныды. Енді ол қайтадан айыпты деп саналады.

«Сот Париж апелляциялық сотының тергеу мерзімінің ескіртуіне байланысты айыптауды тоқтатқан 2022 жылғы желтоқсандағы шешімін бұзады. Сонымен қатар іс қайта қарауды талап етеді», деп mediapart.fr басылымы кассациялық сот хабарламасын келтіреді.

Мұхтар Әблязов 2009 жылы БТА банкі ыдырағаннан кейін Қазақстаннан қашып кеткен, содан кейін ел билігі оны банктен 7,5 миллиард доллар жымқырды деп айыптаған. Ол қазір Францияда жүр.

2021 жылдың желтоқсанында Франция соты Әблязовті Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты. Алайда бір жылдан кейін, 2022 жылдың желтоқсанында Францияның босқындар ісі жөніндегі ұлттық соты Әблязовке Франциядан саяси баспана беруден бас тартқаны хабарланды. Әблязов Ресей мен Украина сынды елдердің сот төрелігінен де жасырынып жүр.

2018 жылы Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Мұхтар Әблязовты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Экс-банкирге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабы 3-бөлігі, және 96-бабы, 2-бөлігінің«ж, з» тармақтары бойынша (адам жалдап, кісі өлімін ұйымдастыру) айып тағылып отыр.

2012 жылдың қарашасында The Financial Times мен BBC «Лондонның Жоғарғы соты Әблязовтен қазақстандық БТА банкінің пайдасына 2 миллиард доллар өндіру туралы шешім шығарды» деп хабарлаған. Әблязов Англия Жоғарғы сотының екі негізгі шешіміне шағымданғанымен, сотта жеңіліп қалды. Бірінші шешім бойынша Әблязов сотты құрметтемегені үшін 22 айға бас бостандығынан айырылды. Екінші шешім оны тиісті органдарға тапсыру және мүлкі туралы ақпаратты толық ашуды немесе қорғау құқығынан айыруды талап етті.

Сондай-ақ оқыңыз