Азаматтардың мобильді аударымдарына жасырын бақылау жүргізілмейді – Қаржы министрі

Жарияланды
Глава Минфина Ерулан Жамаубаев

Мемлекеттік кірістер комитеті Kaspi банктің қосымшасындағы қазақстандықтардың аударымдарына жасырын бақылау жүргізбейді. Бұл туралы вице-премьер, Қазақстан Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде салық органдары қазақстандықтардың Kaspi-аудармаларына «құпия» мониторинг жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Адамдарға тіпті жеке қажеттіліктері үшін жүзден артық ақша аудармау керек екені ескертілді, өйткені салық органдары мұндай азаматтарды ерекше бақылауға алады.

Қаржы министрі әзірге Мемлекеттік кірістер комитеті бақыланатын азаматтардың пулын жасақтамағанын айтты. Оның айтуынша, банктермен ақпарат алмасу процесі жүріп жатыр.

«Әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Әзірге мониторинг жасай тұрайық және халықты дүрліктірмейік, өйткені бұл 2025 жылға дейін жоспарланған жұмыс. Ешқандай тексеру болмайды, адамдарға және бизнес өкілдеріне ешқандай қысым жасалмайды. Өзім кепілдік беремін», – деді Қаржы министрлігінің басшысы.

Жамаубаев Қаржы министрлігі басқа мемлекеттік органдардың дерекқорларынан ақпарат жинауды жүргізіп жатқанына сендірді. Бұл ретте салық органдарының адамдардың банктік аударымдарға «құпия» мониторинг жүргізуге құқығы жоқ.

«Біз артық мәлімет жинаумен айналыса алмаймыз, бұл мүмкін емес. Егер біреу айналысса,мен бұл адамды өзім жұмыстан шығарамын», – деп түйіндеді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қараша айында сенат Салық кодексіне мобильді аударымдарды реттейтін түзетулер қабылдады. Түзетулердің мақсаты-қазақстандық кәсіпкерлер тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде мобильді аударымдар арқылы алатын кірістерді көлеңкеден шығару. «Мобильді төлемдер» ұғымы және жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін кәсіпкерлік қызметке арналған арнайы шоттарға тауарлар немесе қызметтер үшін ақы алу міндеті енгізілді.

Сондай-ақ оқыңыз