Өзбекстанмен шекарадағы кеден бекеттері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Жыл сайын көктем-жай айларында Өзбекстаннан Қазақстанға, транзитпен Ресейге жеткізілетін жеміс-жидек көлемі артады. Мәселен, Түркістан облысы, Мемлекеттік кірістер департаментінің 3 кеден бекетінен тәулігіне орта есеппен 900-1000 жүк көлігі өтеді. Соған орай Өзбекстанмен шекарадағы кеден бекеттері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өткізу пунктеріндегі өткізу қабілетін арттыру және қазақ-өзбек шекарасында жүк пен көлік құралдарының тасымалдау процесстерін оңтайландыру шаралары қолға алынған.

«Атап айтқанда, көлік ағымын қайта бөлінді. Олардың басы бөлігі реконструкцияланған «Б. Қонысбаев» өткізу пунктіне бағытталды. Кеден бекеттері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылып, бақылау операцияларын жылдам жасау үшін кеден бекеттері штаты қайта жасақталды. Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы жүктерді шығару үшін тәулік бойы жұмыс режиміне көшті», делінген хабарламада.

Қазақ-өзбек шекарасында Мемлекеттік кірістер комитеті, Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі құрамында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған, Жұмыс тобы жақын күндері барлық өткізу пунктерінің жұмыс барысын екі тараптан да бақылайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыз