Жаңалықтар

«ҚазТрансОйл» 15 млрд теңге дивиденд төлейді

«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында «ҚазТрансОйл» АҚ ҚазТрансОйл» 2022 жыл қорытындысы бойынша дивидендтерін төлеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

««ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылдың соңында алған 19 801 693 000 (он тоғыз миллиард сегіз жүз бір миллион алты жүз тоқсан үш мың) теңге сомасында таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілді: Дивидендтер төлеуге 15 000 495 861 (он бес миллиард төрт жүз тоқсан бес мың сегіз жүз алпыс бір) теңге сома жіберу; 4 801 197 139 (төрт миллиард сегіз жүз бір миллион жүз тоқсан жеті мың жүз отыз тоғыз) теңге сомасында таза кірістің қалған сомасы бөлінбейді және «ҚазТрансОйл» АҚ билігінде қалдыру; «ҚазТрансОйл» АҚ бір жай акциясына шаққандағы 2022 жылға арналған дивиденд мөлшері 39 (отыз тоғыз) теңге мөлшерінде белгілеу»-делінген компания таратқан хабарламада.

        2022 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің тізімі 2023 жылғы           5 маусым сағат 00:00 жағдай бойынша жасақталады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеудің басталу күні – 2023 жылдың 13 маусымы.