Елімізде сақтандыру сыйақыларының ЖІӨ-ге қатынасы әлемдік деңгейден 4 есе төмен
Фото: shutterstock.com
Сақтандыру секторындағы компаниялардың таза пайдасы 2023 жылдың бірінші тоқсанында 57,1%-ға өсіп, 46 млрд теңгені құрады. Сақтандыру компанияларының сыйлықақылары өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға өсіп, 287,4 млрд теңгеге жетті. Десе де, Қазақстанда сақтандыру сыйлықақыларының ЖІӨ-ге қатынасы әлемдік деңгейден төрт есе төмен. Бұл туралы Қаржыгерлер қауымдастығы мамандарының сақтандыру саласына жасаған шолуында жазылған.
Сақтандыру компанияларының 2023 жылдың бірінші тоқсан нәтижелері бойынша есептілігі алғаш рет «Сақтандыру шарттары» ХҚЕС 17 талаптарына сәйкес дайындалған.
Сектор міндеттемелерінің көлемі 3,5%, 1 199,2 млрд-қа дейін өсті, оның ішінде сақтандыру өтемінің қалған бөлігі бойынша міндеттемелер, «РЕПО» операцияларының көлемі (+12,6%) және туындаған залалдар бойынша міндеттемелер артқан.
2023 жылы сектордың сақтандыру сыйлықақы көлемі 23,9% өсіп, 287,4 млрд-қа дейін жеткен. Оған іс жүзінде КОЖ (+23,1%) және ӨСК (+25,5%) сыйлықақылары өсімі ықпал еткен.
Жалпы алғанда, КОЖ сыйлықақысының өсімі ерікті автосақтандыру (+2,7 есе), ӨСК – зейнетақы аннуитеттік сақтандырумен (+67,6%) байланысты болды.
«ҚР сақтандыру нарығы айтарлықтай бәсекеге қабілетті болып қала береді (Герфиндаль-Хиршман индексі – 0,1). Бұл ретте сектор активтерінің 67,0%-ы нарықтың негізгі ойыншыларының 6-на (26-дан) тиесілі», дейді мамандар.
2023-2024 жылдары саланы цифрландыру (иншуртех, рагтех) есебінен сақтандыру сыйлықақылары көлемінің одан әрі өсуі мүмкін, ал төлемдер сақталып отырған жоғары инфляция және эндо – және экзогендік тәуекелдерді іске асыру аясында өсуі ықтимал.
ҚНРДА мен СК сақтандыру өнімдерін әртараптандыру бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанына қарамастан, сақтандыру сыйлықақыларының 67,5%-ы және сақтандыру төлемдерінің 70,3%-ы бұрынғысынша жылжымайтын мүлік, автокөлік және автокөлік иелерінің АҚЖ сақтандыру, өмірді сақтандыру және зейнетақы аннуитеті бойынша сыйлықақыларға тиесілі.
Сонымен қатар, мамандар Қазақстан әлі толық «сақтандырылмағанын» айтады. Еліміздің бүкіл еңбекке қабілетті халқы қандай да бір жолмен сақтандырылғанына қарамастан, сақтандыру қызметтерінің енуі төмен деңгейде қалып отыр.
2023 жылғы І тоқсанның қорытындысы бойынша СК активтерінің ЖІӨ–ге қатынасы 2,17% (АҚШ-та 58,7%, Бразилияда 17,2%, Түркияда 5,7%), сақтандыру сыйлықақыларының ЖІӨ-ге қатынасы 0,79% (әлем бойынша орташа 2,9%) құраған.