Тимур Құлыбаевтың компаниясына 1 млрд теңге айыппұл салынды

Жарияланды

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты  «ҚАЗАҚСТАН – отын-энергетикалық кешені» Сауда үйі» ЖШС-ін ,09 млрд теңге айыппұл төлеуге міндеттеді және 579 млн теңге сомасында заңсыз алынған монополиялық табысты тәркіледі. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады. Бұл компания экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі.

Ақпаратқа сәйкес, компания  темір жол шекараларында сұйық жүктерді қабылдау, сақтау және босату бойынша қызметтер көрсетуге монополиялық артықшылықты пайдаланып, 2 жыл ішінде негізсіз «үстеме пайда» алған.

«Нәтижесінде, 15.03.2023 жылы ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни нарық субъектісінің монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұру арқылы өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланғаны үшін ірі кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік іс қозғалды», делінген хабарламада.

Жиналған материал 20.04.2023 жылы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралған. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған мопонополистке сот үкімі шықты. Ол заңды күшіне енді.

Ақпан айының 13-інде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша «ҚАЗАҚСТАН – отын-энергетикалық кешені» Сауда үйі» ЖШС қатысты тергеуді аяқтағанын хабарлаған еді. Тергеу қорытындысы бойынша «сұйық, сусымалы және тараға салынған жүктерді (дизель отынын) қабылдау, сақтау және жіберу» қызметтеріне монополиялық жоғары баға белгілеу фактілері анықталған болатын. Тергеу материалдары Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылып, қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.

«ҚАЗАҚСТАН – отын-энергетикалық кешені» Сауда үйі» компаниялар тобы респбулика бойынша 53 отын базасы бар.      

Сондай-ақ оқыңыз