Түркиямен Қазақстан арасында кедендік рәсімдер жеңілдейді

Жарияланды

Фото: Kursiv.media

Қазақстан мен Түркияның кедендік шекарасы арқылы тауарлар жылдам өтетен болады.

Екі ел үкіметтері арасында ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін жеңілдету туралы келісімді Мәжіліс ратификациялады.

Бұл келісім шарт екі еле арасында өткен жылдың мамыр айында жасалған болатын.

«Құжат күшіне енгеннен кейін Қазақстан мен Түркия аумақтары арасында тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары туралы электронды ақпарат алмасу арқылы тиімділік артып, кедендік бақылау мерзімі қысқаруы қажет» делінген Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті Өзбекстанмен арадағы өткізу бекеттері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз