
Жапонияның қорғаныс министрлігінде Жапония Премьер-министрі Фумио Кисида уәде еткен 100 автотехниканы Украинаға тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлады NHK телеарнасы.
Көмекке жүк көліктері, сондай-ақ үйінділерді бөлшектеуге арналған жабдықтар кіреді.
Мұндай көмек көрсету мәселесі 21 мамырда Владимир Зеленский мен Кисиданың «Үлкен жеті» саммиті аясында өткен кездесуінде талқыланды.
Саммит 19-21 мамырда Хиросимада өтті.