Жаңалықтар

Жеке пайдалануға арналған электромобильді елге әкелуде кеден және баж салығы алынбайды

Қазақстан азаматтарына шетелден 1 электромобильді баж және кеден салығын төлемей елге кіргізуге рұқсат берілген. Мемлекеттік кірістер комитеті электромобильді кедендік рәсімдеу шарттарын хабарлады. Оған сәйкес, мұндай көліктер 3 жыл ішінде Ресей азаматтарына пайдалануға берілмеуі тиіс.

Электр көліктерін кеден және баж салығынсыз елге әкелуге берілген рұқсат Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» шешімінің
3-қосымшасының 9-тармағында қарастырылған.

Электомобильді рәсімдеуге азамтарға жеке басын куәландыратын құжат, меншік құқығын растайтын құжат, көлік құралын қолдану сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттары қажет. CMR, ТКҚ, инвойс, КҚП сынды құжаттарды жинап, жолаушылардың кеден декларациясын өз қолымен толтырады. Осылайша кедендік рәсімдеуден өтеді, оған кеден бекетінің инспекторы көмектеседі. Сонымен қатар, декларацияны тапсыруға және толтыруға, декларация бланкісін алу үшін ешқандай ақшалай төлем қажет емес.

«Бұл ретте, азаматқа осы электромобильді кедендік тазарту уақытынан бастап 3 жыл ішінде Ресей Федерациясының азаматтығы немесе Ресей Федерациясының тұрақты тұрғылықты жері бар тұлғаларға иелену, пайдалану, билік ету құқығын беруге тыйым салынатынын ескертеміз», делінген баспасөз хабарламасында.