Жаңалықтар

Бельгия 16 жастан бастап дауыс беру құқығын енгізді

Бельгиялықтарға 16 жасынан бастап Еуропарламент сайлауында дауыс беруге рұқсат етілді. Бұл туралы Euronews агенттігі хабарлады.

Бельгия билігі Еуропалық парламент сайлауына қатысушылардың ең төменгі жасын 16 жасқа дейін төмендетті. Бұл ЕО-ғы Мальта, Германия және Австриядан кейінгі төртінші ел.

Осылайша, 280 000-ға жуық жас бельгиялықтар келесі жылы Еуропалық деңгейде өз сөздерін айтуға мүмкіндік алады. Бірақ сайлаушылар тізіміне автоматты түрде кіретін ересек азаматтардан айырмашылығы, дауыс бергісі келетін кәмелетке толмағандар алдын-ала тіркелуі керек.