ЕО елдері Ресейдің Орталық Банкінің 200 млрд еуродан астам активтерін тоқтату туралы есеп берді

Жарияланды
Еврсоюз
Фото: Pixabay.com

Еуропалық Одақ елдері Еурокомиссияға Ресейдің Орталық Банкінің 200 миллиард еуродан астам активтерін тоқтату туралы есеп берді, деп хабарлады Еуропалық комиссияның өкілі Кристиан Виганд. Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.

«Ресейге қарсы санкциялардың 10-шы пакетінде Ресей Орталық Банкінің мұздатылған активтері мен резервтері жөнінде жаңа талаптар енгізілді. Сонымен қатар ЕО елдері Ресейдің Орталық Банкінің 200 миллиард еуродан астам мұздатылған активтері туралы есеп берді», – деді ол.

Еуропалық коммисия өкілі қай елдің қанша активті қатырғанын нақтылаған жоқ. Ол бұл мәселені ЕО елдеріне бағыттауды ұсынды.

«ЕО Ресейдің Украинаға келтірілген залалды төлеуін қамтамасыз етуге міндеттейді. Сондықтан ЕО осы мақсатта ресейлік мұздатылған және иммобилизацияланған активтерді пайдалану жолдарын зерттеп жатыр», – деді Кристиан Виганд.

Сондай-ақ оқыңыз