Halyk Bank міндеттемелерін жүздеген млн долларға арттырмақ

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қазақстандағы банктер арасында теңгерім активтерінің көлемі бойынша бірінші және сегізінші орында тұрған Halyk Bank пен Bank RBK облигациялар шығаратынын Қазақстан қор биржасына (KASE) ескертті.

Атап айтқанда, Halyk Bank-тың директорлар кеңесі облигациялардың екі шығарылымын мақұлдады. Жалпы сомасы 500 млн долларды құрамақ.

Біріншісі бойынша ортақ сомасы 200 млн долларға 400 дана облигация, екіншісі бойынша 300 млн долларға 3 мың дана құнды қағаз шығарылмақ. Екеуінің де купондық мөлшерлемесі 3,5% құрайтын болады. Мерзімі — екі жыл.

Bank RBK директорлар кеңесі де жалпы сомасы 33 млрд теңгені құрайтын екі облигация шығарылымына мақұлдады.

Біріншісі бойынша мың теңге тұратын 13 млн құнды қағаз (субординарлық облигация), екіншісі бойынша мың теңге тұратын 20 млн облигация шығарылады.

Сондай-ақ оқыңыз