Қайрат Шәріпбаевтың қызына тиесілі компанияға 77 млн теңге айыппұл салынды

Жарияланды
На 77,3 миллиона тенге оштрафовали компанию дочери Кайрата Шарипбаева

Фото: shutterstock.com

QazaqGaz-дың бұрынғы басшысы Қайрат Шәріпбаевтың қызына тиесілі «APL Construction» ЖШС компаниясына нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдаланғаны үшін 77 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

«Серіктестік өзінің үстем жағдайын пәтер ішіндегі газбен жабдықтау желілеріне қосылуға мәжбүр болған тұтынушылардың қаражаты есебін теріс пайдаланған, бұл тұтынушылардың заңды құқығына нұқсан келтірді», делінген хабарламада.

БҚДА Алматы қаласы бойынша департаменті «APL Construction» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған. Алматының әкімшілік құқық бұзу істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты компанияға 77 миллион теңге айыппұл салды. Бүгінгі күні айыппұл толығымен төленген.

«APL CONSTRUCTION» ЖШС 2016 жылы 26 наурызда Алматы қаласында тіркелген. Ол газ отынын сату және таратумен айналысады. Компанияда Pk.uchet.kz мәліметі бойынша 201-ден 250-ге дейін адам жұмыс істейді. Компанияның бірінші басшысы – Артем Скрипников. 2022 жылы компания 3,5 млрд теңге салық төлесе, биыл 25 мамырдағы жағдай бойынша 753 млн теңге салық төлеген.

«APL Construction» ЖШС-нің түпкі иесі – Қайрат Шәріпбаевтың қызы Қорлан Шәріпбаева және «DanKo Commerce» ЖШС.

Былтыр қаңтар айында Қайрат Шәріпбаевтың «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. ОЛ 2014 жылдан «ҚазТрансГаз» АҚ-да, 2019 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да басшылық қызмет атқарған.

Сондай-ақ оқыңыз