Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешім жариялайды. Сонымен қатар, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жаңартылған болжамдарын да ұсынады. Нарық қатысушылары базалық мөлшерлеменің жылдық 16,75% деңгейінде сақталуын күтеді. Бұл туралы Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының сараптамасында айтылған.
«ҚҚҚ-ның мамыр айындағы сауалнамасының нәтижелері бойынша қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының басым көпшілігі (респонденттердің 79%-ы) базалық мөлшерлеме 16,75% деңгейінде сақталады деп болжайды,» делінген бейсенбіде жарияланған сараптамада.
Сараптамаға сәйкес, соңғы төрт сессия қатарынан айтарлықтай нығайған теңге сәрсенбі күнгі саудада аздап төмендеді. Күн қорытындысы бойынша USDKZT жұбы бойынша бағам бір доллар үшін 444,67 теңгеге дейін өсті (+2,91 теңге). Бұл ретте сауда көлемі 123,8 млн долларға (-42,7 млн) дейін төмендеді.
Айта кету керек, 25 мамыр биылғы бірінші тоқсанын үшін салық төлеу мерзімі аяқталады, бұл нарықтағы шетел валютасы ұсынысының қысқаруына себеп болуы ықтимал.
Сәрсенбіде қазақстандық акциялар нарығында шағын сатылымдар байқалды-KASE индексі 3 580,5 пунктке дейін төмендеді (-0,1%). Негізгі теріс өзгерістер ҚазТрансОйл акцияларына қатысты болды (-2,3%), ал қалған жеті құрал бойынша өзгерістер 0,8% – дан аспады. Сәрсенбіде ҚазТрансОйл мұнай тасымалдау компаниясы қазақстандық мұнайды «Дружба» мұнай құбыры арқылы Германияға тасымалдауды ұлғайтуға өтінімдер алатынын хабарлады, бірақ шешім Ресей тарапына байланысты болады. Сондай-ақ, бейсенбіде Халық банк акционерлерінің кезекті жиыны өтеді.Бұл екі жағдай да нарық қатысушыларының назарында болатыны сөзсіз.
Сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша Brent мұнайының бағасы барреліне 78,4 долларға дейін өсті (+2,0%). Сәрсенбіде белгілі болғандай, АҚШ-тың мұнай қоры 12,5 миллион баррельге күрт төмендеді, бұл соңғы алты айдағы ең үлкен құлдырау. Сонымен қатар, жазғы саяхат маусымы басталғанға дейін АҚШ-та сұраныс артады деген болдаммен бағалар көтерілуі ықтимал.
Сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша usdrub жұбы бір доллар үшін 80,15 рубль деңгейінде бекітілді, бір күнде іс жүзінде өзгеріссіз (+0,02%). Рубль бағамына мұнай бағасының өсуі және мамыр айындағы салық төлемдерін енгізу күні алдында экспортерлар тарапынан рубльге деген сұраныстың артуы қолдау көрсетуі ықтимал. Бірақ екінші жағынан, мемлекеттік қарыз шегі бойынша мәселенің уақтылы шешілмеуі салдарынан тәуекелдердің сақталуы аясында инвесторлардың ығысуы және әлемдік нарықтарда американдық валютаның нығаюы байқалады.