Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі оқу жылының ұзару себебін түсіндірді

Оқу-ағарту министрі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың оқу жылының не себепті ұзартылғанын түсіндірді. Айтуынша, биылғы жылдың жаңалығы елімізде оқу жылы 34 аптадан 36 аптаға дейін ұзартылды. Осыған сәйкес оқу жылы 31 мамырда аяқталады.

Оқу-ағарту министрінің түсіндіруінше, бұл шешімнің басты негізі:
балалардың отбасында көбірек уақыт өткізуіне қатысты ата-аналар өтініштерінің ескерілуіне байланысты 5 күндік оқу аптасына көшу;
оқушыларға жүктемені азайту жөніндегі сарапшылар ұсыныстарының қабылдануы;
оқу аптасының ұзақтығын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкестендіру.

«Әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, ОЭСР елдерінде оқу жылы 40 аптаны құрайды. Осыған орай әлем оқушылары жазғы каникулда 77 күн ғана демалса, еліміздің оқушылары үшін 13 апта немесе 90 күн демалыс белгіленген», – деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, биыл мектепті ел бойынша 3,7 миллионнан астам оқушы мектеп бітіреді.

«11-сыныпты – 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлердің саны – 6,8 мың. Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде өткізу жоспарланған. Аттестаттарды салтанатты табыстау
20-22 маусым аралығында өтеді», – деді ол.

Сондай-ақ жазғы демалыс және сауықтырумен 1-10 сыныптар аралығындағы балардың 85,3% қамтылады, бұл 2,8 млн баланы құрайды. Оның ішінде 500 мың жекелеген санаттағы отбасының балалары бар.