Қазақ-өзбек кеден бекеттерінде электронды кезек жүйесі енгізілді

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қазақстан мен Өзбекстан кеден органдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Шекарада тұрып қалуды болдырмау мақсатында, жүргізушілер мен тасымалдаушыларға цифрландырылған электронды кезек енгізілді. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінен хабарлады.

«Жүк тасымалдаушылар CarGoRuqsat электронды кезектің автоматтандырылған жүйесін (cgr.qoldau.kz) және Түркістан облысы бойынша МКД интернет-ресурсын (trk.kgd.gov.kz) пайдаланған. Бұл цифрлы қолданбаларда кеден бекеттерінің жүктемесі мен өткізу кезегінің ағымдағы жағдайы туралы мәліметтер жарияланады», делінген хабарламада.

Соңғы он күнде Түркістан облысының «Қазығұрт» өткізу пункті арқылы – 2 243 жүк көлік құралы, «Б. Қонысбаев» өткізу пункті арқылы – 4 280 жүк көлік құралы, «Атамекен» өткізу пункті арқылы – 1 796 жүк көлік құралы өткен. Шамамен бір жүк көлік құралын ресімдеуге орта есеппен 2-3 минут жұмсалды.

Қазақстан Қытаймен арадағы халықаралық автокөлік тасымалы бағытында өзара әріптестікті дамыту жөніндегі келісімге қол қойып, бұл саладағы алыс-беріс құжаттары да толық цифрландырылды.

Сондай-ақ оқыңыз