Жаңалықтар

Қытай 2023 жылы базалық зейнетақы мөлшерін 3,8%-ға арттырады

Қытай ағымдағы жылы базалық зейнетақының орташа мөлшерін 3,8% – ға арттырады. Бұл туралы елдің Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі хабарлады.

«Қытай үкіметі 19 жыл қатарынан зейнетақы төлемдерін ұлғайтуда»,- деп атап өтті Синьхуа агенттігі.

Ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін ұлғайту өндірістік емес саладағы кәсіпорындардың, мемлекеттік аппараттың және бюджеттік мекемелердің бұрынғы қызметшілеріне тиесілі.