Дегенмен, Ресейдің Беларусь аумағына бейстратегиялық ядролық қаруды орналастыруы оны республика меншігіне берді деген сөз емес. Ядролық қаруды бақылау және қолдану туралы шешім қабылдау құзыреті Мәскеуде қалады. Бұл туралы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу бейсенбіде мәлім етті.
Ресей мен Белорусь арасында ресейлік бейстратегиялық ядролық қаруды Белорусь аумағындағы арнайы қоймада ұстау тәртібін анықтау туралы құжатқа қол қойылды. Ресей тарапынан құжатқа Қорғаныс министрі Сергей Шойгу, Беларусь тарапынан республиканың қорғаныс министрі Виктор Хренин қол қойды
«Ресей Беларусь Республикасына ядролық қаруды бермейді: оны бақылау және қолдану туралы шешім Ресей тарапында қалады», – деді Шойгу.
Сонымен бірге, Ресей Қорғаныс министрі «болашақта одақтас мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери-саяси жағдайға ден қою үшін қосымша шаралар қабылдануы мүмкін»екенін атап өтті.