2024 жылға қарай ЕАЭО аумағындағы мобильді роуминг алынып тасталады

Жарияланды
Мобильный роуминг ЕАЭС

Фото: kursiv.media

Еуразиялық экономикалық комиссия 2024 жылдың соңына қарай ЕАЭО елдерінде мобильді роумингті алып тастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлайды.

ЕЭК монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры Алексей Сушкевичтің айтуынша, негізгі міндет – экономикалық өзара іс-қимыл үшін маңызды болмайтын мемлекеттер арасындағы шекаралар жалпы нарықты сегментациялауға және оның іс жүзінде ыдырауына мүдделі болуы мүмкін нарықтың ірі ойыншыларының жеке күш-жігері арқылы қалпына келмеуі.

Ол 2023 жылдың сәуірінде Ресей мен Беларусь арасындағы роумингте көтерілген төлемдердің күшін жою табысты өткеніне тоқталды.

«Біз бұл екіжақты тәжірибені зерттедік және оны кеңірек қолдануға болады», – деді ол.

Алексей Сушкевич роумингтің күшін жою бойынша статистикалық деректерді шығару халықаралық тарифтер құнын ел деңгейіне дейін, яғни 5-10 есе төмендетуді көрсетті деп түсіндірді. Алайда, ұялы байланыс операторларының табысы әңгімелесу санының артуынан және интернет-трафик көлемінің ұлғаюы есебінен өтелген.

«Біз роумингтегі тарифтерді бүкіл Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы ел ішіндегі тарифтерге жақындату 5-10 есе өсуге, дыбыстық және интернет-трафиктің өсуіне әкеледі деп болжап отырмыз. Сондықтан, кірістің азаюы туралы әңгіме шындыққа жанаспайды. Аздаған техникалық проблемалар қалып отыр, оларды шешу үшін комиссия 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін жоспарды бекітті», – деп қорытындылады ЕЭК департаментінің директоры.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында халықаралық роумингте ұялы байланыс қызметтеріне әділ тариф пайдалану ережелерін әзірлеу 2022 жылы басталды. Ереже роумингте әділ тарифтер бойынша көрсетілетін байланыс қызметтерінің тарифтеу қадамын және максималды көлемін (кезеңін) анықтауды көздейді.

ЕАЭО құрамына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз