Қазақстан мен Ұлыбритания әуе рейстерінің санын арттыруға уағдаласты

Жарияланды
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Ұлыбритания Қазақстаннан әуе сапарларын орындайтын «Air Astana» әуекомпаниясының бұрын жасасқан қолданыстағы келісім-шарттардың мерзімі аяқталуына байланысты Лондон қаласында  Қазақстан мен Ұлыбританияның авиациялық билігі арасында келіссөздер өтті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, «Air Astana» әуекомпаниясы Алматы – Лондон бағыты бойынша рейстердің бір бөлігін тоқтатуға мәжбүр болатын еді.

«Екі елдің авиациялық билік орындары арасындағы қолданыстағы уағдаластықтарға сәйкес, «Air Astana» әуекомпаниясына 15 маусымға дейін уақытша негізде аптасына 5 рейс жиілігімен Алматы – Лондон –Алматы бағыты бойынша тікелей рейстерді орындауға рұқсат етілді», делінген хабарламада.

Келіссөздер нәтижесінде екі ел арасындағы құқықтық база нығайтылып Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы рұқсат етілген рейстер саны:
Астана қаласы мен Ұлыбританиядағы кез-келген пункт арасында аптасына 7 ретке дейін;

– Алматы қаласы мен Ұлыбританиядағы кез-келген пункт арасында аптасына 7 ретке дейін;

– Қазақстанда енгізілген «ашық аспан» режиміне сәйкес ауа еркіндігінің 5 дәрежесін қоса алғанда, тұрақты емес негізде аптасына 7 жүк рейсіне дейін, әуе рейстерінің саны артатын болды.

Сондай-ақ, «Air Astana» әуекомпаниясы биылғы жылдың соңына дейін Лондонға орындалатын сапарлар санын аптасына 7 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Қазақстан тарапынан делегацияны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Т. Ластаев, Ұлыбритания тарапынан көлік департаменті басшысының орынбасары Д. Беван басқарды.

Сондай-ақ оқыңыз