Фото: kursiv.media
Ұлттық Банк базалық мөлшелемені төртінші мәрте 16,75% деңгейінде белгіледі. Базалық мөлшерлеме соңғы рет 2022 жылдың желтоқсанында көтерілген еді.
Бұл шешім Ұлттық Банктің жаңартылған болжамдары, деректерді талдау және инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау негізінде қабылданған.
Сыртқы ортаның проинфляциялық қысымы бәсеңдеп келе жатқанына қарамастан, елімізде профинфляциялық қысым сақталуды.
«Қазақстанда проинфляциялық қысым фискалдық ынталандыру, тұрақты ішкі сұраныс, жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер, сондай-ақ жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) бағасының өсуі мен күтілетін тұрғын-үй коммуналдық қызмет (ТКҚ) тарифтерінің көтерілуі тарапынан сақталуда», делінген ҰБ таратқан хабарламада.
Осылайша, қазіргі уақытта сыртқы инфляция тарапынан қысымның әлсіреуі есебінен тәуекелдердің жиынтық балансы дезинфляциялық факторлар жағына аздап ығысқан.
«Бұл 2022 жылғы қыркүйектен бастап инфляцияның тұрақты бөлігіндегі көрсеткіштердің баяулауын қоса алғанда, осы жылдың екінші жартысында базалық мөлшерлеменің біртіндеп және баяу төмендеуіне мүмкіндік тудыруы ықтимал», дейді Ұлттық банк.
Жылдық инфляция 2023 жылғы сәуірде 16,8%-ға дейін баяуласа, айлық инфляция 0,9% деңгейінде сақталып, орташа тарихи мәндерден жоғары қалыптасқан.
«Алайда, 2022 жылғы қыркүйектен бастап базалық және маусымдық фактор ескерілмеген инфляцияның көрсеткіштері төмендеп отыр. Бұл инфляцияның тұрақты бөлігі мен проинфляциялық қысымның біртіндеп әлсіреуін көрсетеді» делінген хабарламада.
Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты 2023 жылға арналған болжам жақсара түскен. Биыл ЖІӨ 4,2-5,2% деңгейінде өседі деп күтіліпі отыр.
«2024-2025 жылдарға арналған болжамдар 3,5-4,5% деңгейінде сақталады. Биылға арналған болжамды арттыруға мемлекеттік шығыстардың ұлғаюы мен сыртқы және ішкі сұраныстың неғұрлым жоғары болуын күту ықпал етті», дейді регулятор.
Сарапшылар ҰБ базалық мөлшерлемені көтермейтінін айтқан еді. Қаржыгерлер қауымдастығы сауалнамасына қатысқан респонденттердің 79 пайызы базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалады деп пікір білдірген.
Былтыр Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені алты рет көтерген. Осылайша, көрсеткіш жыл соңында 10,25%-дан 16,75%-ға дейін өсті. Биылғы үш отырыс қорытындысы бойынша ҰБ мөлшерлемені 16,75% деңгейінде қалдырды Келесі отырыс 5 шілдеде өтеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сценарий бойынша болжамының негізгі параметрлері
2023 | 2024 | 2025 | |
Болжам шарттары | |||
Brent маркалы мұнай бағасы, жылына орташа есеппен 1 баррель үшін АҚШ доллары | 82 (88) | 80 (85) | 77 (77) |
Болжам | |||
ЖІӨ %, ж/ж | 4,2-5,2 (3,5-4,5) | 3,5-4,5 (3,5-4,5) | 3,5-4,5 (3,5-4,5) |
ТБИ %, өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда желтоқсан | 11-14 (9-12) | 9-11 (6-8) | 5,5-7,5 (4-6) |
Ағымдағы шот, млрд АҚШ долл. | -2,4 | -2,1 | -1,3 |