Қазақстан Ұлттық банкі өз портфелдерінде юаньді көптен бері қолданып келеді. Бұл туралы ҰБ төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді.
«Ұлттық валютаға деген сұраныс экономикалық қызметтің қатысушыларына байланысты. Егер компаниялар өз өнімдерін ұлттық валютада сатқысы келсе, оған сұраныс пайда болады. Дәл сол сияқты юань-теңге . Егер қытайлық экспортерлар өз тауарларын юаньға сатқысы келсе, онда Қазақстанда юаньға сұраныс болады. Ұлттық валютада сатқысы келсе, теңгеге сұраныс туады. Ол үшін біздің тарапымыздан барлық жағдай жасалған», деді Ғалымжан Пірматов.
Ал, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, қытай юаньіне инвестицияланған портфельдер бар.
«Ұлттық банктің активтерінде, жинақтаушы портфельдің 1%-ы, юаньда номиналданған Қытайдың мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестицияланған. Ұлттық банктің алтын-валюта резервінде де осындай жағдай. Онда да юаньда номиналданған Қытайдың мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестиция салынған портфель бар. Әзірге мұндай инвестициялардың жинақталған жалпы көлемі қомақты емес. Алайда, резервтерімізді болашақта әртараптандыру аясында Қытай нарығына да қарайлайтын боламыз», деді ҰБ төрағасының орынбасары.
Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстың нығаюына орай болашақта юань бағамының Қазақстан экономикасына ықпалы күшеюі мүмкін бе, деген журналистің сауалына, Ұлттық банк төрағасы, «ол нарық қатысушыларының өз қызметін қалай жоспарлап, қалай жүргізетініне байланысты», деп жауап берді.
Әлия Молдабекованың айтуынша, валюта нарығында БЖЗҚ портфельдері үшін Ұлттық банк тек АҚШ долларын ғана сатып алады.
«Қазір шамамен 30%-ды құрайтын зейнетақы активтерінің валютадан тұратын бөлігінің басым үлесін АҚШ доллары құрайды. Ал, ғаламдық корпоративтік облигациялар бойынша салымдардың бір бөлігі фунт, еуро, жапон иеніне инвестицияланады. Алайда, олардың көлемі 1%-ға да жетпейді» деді Әлия Молдабекова.
Сондай-ақ, Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк басшысы базалық мөлшерлеменің келесі айда төмендеу ықтималдығы жоғары емес деп есептейді.
Оның айтуынша, егер іс жүзіндегі инфляция динамикасы Ұлттық банк болжамдарына сәйкес болса, қаржы реттеушісі биылғы жылдың екінші жартысында базалық мөлшерлемі ақырындып төмендете бастайды.
Сондай-ақ, журналистер тарапынан несие нарығана мемлекеттің ықпалын қысқарту бойынша Үкіметпен қандай да бір келісім бар ма деген сауал тастады.
Ғалымжан Пірматов, Ұлттық банк экономикаға қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардан жоспарлы түрде шығып келе жатқанан айтты. Оның дерегінше, бұрын Ұлттық банк 7 бағдарлама қатысып келген болса, олардың бесеуі аяқталған.
«Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасын биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сонда біз тек «7-20-25» бағдарламасы қалады. Бұл бағдарламадан да қаншалықты тез арада Ұлттық банк шығатын болса, ел экономикасы үшін де, ұзақ мерзімді тұрақты даму үшін де соншалықты тиімді болады», деді Баймағамбетов.
Ал, экономиканы қолдау жөніндегі бейнарықтық бағдарламадларға қатысты: «Бейнарықтық бағдарламаларды жоспарлы түрде, бірте-бірте қысқарту – қаржы секторларына экономиканы ұзақ мерзімді тұрақты несиелендіруде нарықтық қатынастардың дамуына импульс береді», деді ҰБ басшысы.