АҚШ-та мемлекеттік қарыз шегі бойынша келісімге келді

Жарияланды
госдолг
Фото: Shutterstock

Президент Джо Байден мен АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Кевин Маккарти 31,4 трлн доллардан асқан мемлекеттік қарыз шегін көтеру туралы келісімге келді.

«Бірнеше апталық келіссөздерден кейін біз түбегейлі келісімге келдік. Бізде әлі де атқаратын жұмыс көп. Бірақ менің ойымша, бұл келісім негізінен американдықтарға лайық», — деп жазды Маккарти Twitter-де.

Өз кезегінде Джо Байден мемлекеттік қарыз туралы заң жобасы «апатты дефолтқа»жол бермейді деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл шығындарды қысқартуға және экономиканы дамытуға мүмкіндік беретін алға жасалған маңызды қадам.

Өкілдер палатасы 31 Мамырда келісім бойынша дауыс береді деп жоспарлануда. Әзірге құжаттың егжей-тегжейлері жария етілмеген.

Сондай-ақ оқыңыз