110-ға жуық итальяндық компания Ресейдегі өндірістерін сақтап қалды
Жарияланды
Итальяндық компаниялардың көпшілігі Ресейде жұмысын жалғастыруда. Бұл туралы Ресейдегі итальяндық кәсіпкерлер қауымдастығының президенті (Gim Unimpresa) Витторио Торрембини мәлімдеді.
«Менің отандастарымның көпшілігі әлі де Ресейде жұмыс істейді. Бұл GIM Unimpresa құрамына кіретін 150 жеке компания. Онда жұмыс істейтін қызметкерлердің 99% – ы, шамамен 65 мың адам- ресейліктер. Бұл компаниялардың жылдық айналымы шамамен 6 миллиард еуроға тең», – деп атап өтті Торрембини.
Итальяндық компаниялар әртүрлі салаларда жұмыс істейді. Олар макарон, ірімшік, шұжық, құрылыс материалдары, цемент, керамикалық плиткалар, фармацевтика, химия өнімдерін шығарады.
Кәсіпорындар «Ресейдің барлық аймақтарында жұмыс істейді.