Жаңалықтар

40 млн теңге алған генерал-майорға қатысты тергеу аяқталды

Фото: kursiv.media

Осыдан бір жыл бұрын 40 млн теңгені алдау жолымен иеленген полиция генерал-майорына қатысты тергеу аяқталды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату сылтауымен алдау арқылы 40 млн теңгені иеленген полиция генерал-майоры Б.С. Биляловқа қатысты тергеуді аяқтады. Қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілді», делінген баспасөз хабаламасында.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.