Мемлекеттік қарыз бойынша келісім жасалады деген үмітпен АҚШ индекстері көтерілді

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

АҚШ қор биржалары мемлекеттік қарыз шегі бойынша келісім оң нәтиже береді деген үмітпен біршама өсті. Dow Jones – 1%, S&P 500 1,3% көтерілсе, Nasdaq Composite 2,2% өсім көрсетті. Бұл туралы Қазақстан қор биржасыны сарапшылары шолуында жазылған.

Әсіресе Marvell Technology компаниясы AI жүйелерінің табысының болжамынан кейін 32% өскен.

АҚШ Қаржы министрлігі ұлттық қарыз шегі жайлы келіссөзге уақыт ұтып, АҚШ қарыз төлемдерін 5 маусымда төлеуді жоспарлап отыр.

Өткен сенбіде Президент Джо Байден мен АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Кевин Маккарти 31,4 трлн доллардан асқан мемлекеттік қарыз шегін көтеру туралы келісімге келді.

«Бірнеше апталық келіссөзден кейін біз түбегейлі келісімге келдік. Бізде әлі де атқаратын жұмыс көп», — деп жазды Маккарти Twitter-де.

Бұған дейін Джо Байден мемлекеттік қарыз туралы заң жобасы «апатты дефолтқа»жол берілмейтінін мәлімдеген еді.

Негізгі инфляция сәуірде 4.7% -ға дейін көтеріліп, күтілген 4.6%-дан түсті. Сонымен қатар, жеке шығын мен ұзақ мерзімді тауарларға тапсырыс күтпеген жерден өскен. Бұ өз кезегінде ФРЖ мөлшерлемені көтеруін ұзақ жалғастырады дегенді білдіреді.

GAP компанияның кірісі инвесторлардың күткенінен асып түсіп, акциялары 12%-ға өсті.

Еуропа қор нарықтары да құбылмалы апта соңында қайта көтеріліп, DAX 40 және STOXX 600 1,2%-ға өсті.

Nikkei 225 дүйсенбіде 1%-ға көтеріліп, 31 226 тармақты құрап, 33 жылдағы жаңа ең жоғары көрсеткішке жетті. Технология акциялары көтерілді: Advantest (5,2%), IBIDEN (5%) және Renesas Electronics (3,7%). Басқаксомпаниялар да өскен, олардың қатарында Mitsui & Co (4,3%), Shin-Etsu Chemical (3,8%) және Nippon Yusen (3,4%) бар.

Shanghai Composite дүйсенбіде 0,2%-ға өсіп, 3217-ге жетті. Қытайдағы өнеркәсіптік кіріс 2023 жылдың алғашқы төрт айында күрт төмендеді. Tongfu Microelectronic (10%), Zhongji Innolight (8,3%) және Victory Giant Tech (7,6%) технология компанияларының акциясы өсті. Longi Green Energy (-4,1%), Sungrow Power (-4%) және Contemporary Amperex (-1,7%) акциялаы арзандады.

Сондай-ақ оқыңыз