Энергетика министрлігі ЖЭК нысандарын салу бойынша аукцион жариялады

Жарияланды

Фото: Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздері нысандарының құрылыс жобаларын іріктеу бойынша аукцион жариялады. Мүдделі тараптар осы аукционға қатысуға шақырылды.

«Жаңартылатын энергетика жобаларын іріктеу бойынша аукциондарға қатысуға инвесторлардың жобаларын дайындау және егжей-тегжейлі пысықтау мақсатында Министрлік 2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін және 2024-2027 жылдарға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарын әзірлеп, бекітті. Мүдделі тараптар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС және «ЭҚРҚО» АҚ ресми сайттарынан түсініктеме сұрата алады. Аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес аукциондарды өткізу графигі мен жоспары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланған», делінген хабарламада.

2023 жылға арналған аукционға қойылған жалпы белгіленген қуат 860 МВт құрайды және төмендегідей электр станцияларының түрлері бойынша бөлінеді:

– күн электр станциялары (КЭС) – 100 МВт;

– жел электр станциялары (ЖЭС) – 500 МВт;

– гидро электр станциялары (ГЭС) – 250 МВт;

– биогаз электр станциялары (БиоЭС) – 10 МВт.

Сондай-ақ оқыңыз