Қаржы министрлігі 186,3 млрд теңге бюджеттік несие бермек
Фото: shutterstock.com
Қаржы министрлігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ және жергілікті бюджеттерге инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін берілетін несие шарттарын бекітпек. Жалпы сомасы 186,3 млрд теңге бюджеттік кредит беру жоспарланған. Қаржы министрлігінің қаулысы «Ашық НҚА» порталында жарияланған.
«Бәйтерек» ҰБХ
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына 34,4 бюджеттік кредит беріледі. Оның 20 млрд теңгесі – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-на, 14,4 млрд теңгесі «Өнеркәсіпті дамыту қорына» несие ретінде бөлінеді.
«Бюджеттік кредит «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 036 «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жобаларды қаржыландыру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ға кейіннен кредит бере отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 20 000 000 000 (жиырма миллиард) теңге сомасында беріледі», делінген құжатта.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-на берілетін кредит өңдеуші өнеркәсіп ірі жобаларын қаржыландыруға жұмсалмақ. Несие жылдық 0,1 пайыз сыйақымен 11 жылға беріледі. Қарыз ақша республикалық бюджеттен бірден аударылып, банк оны 2 жылда игеруі керек. Сыйақсы жылына екі рет төленеді. Ал негізгі борыш 3 жыл жеңілдік кезеңінен кейін, 2026 жылдан бастап жылына екі рет, тең үлестермен төленеді.
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамына бөлінетін 14,4 млрд теңгенің мақсаты – автокөлік құралдары мен арнайы мақсаттағы автотехниканы лизингке сатып алатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді лизингтік қаржыландыру.
Бюджеттік кредит қарыз алушыға жылдық 0,1 %-ға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша 15 жылға беріледі. Қарыз ақша республикалық бюджеттен бірден аударылып, қор оны 2 жылда игеруі керек. Сыйақсы жылына екі рет төленеді. Ал негізгі борышты 5 жыл жеңілдік кезеңінен кейін, 2028 жылдан бастап жылына екі рет, тең үлестермен өтейді.
Отбасы банк
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамына алдын ала және аралық тұрғын үй қарызын беру үшін 12,2 млрд және 39,7 млрд теңге беріледі. 12,2 млрд теңгені банк 2 пайыздық несие (Бақытты отбасы бағдарламасы) ал 39,7 млрд теңгені 5 пайыздық несие беруге ( Шаңырақ бағдарламасы) жұмсайды.
«Бюджеттік кредит қарыз алушыға «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 231 «Алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 12197670000 (он екі миллиард жүз тоқсан жеті миллион алты жүз жетпіс мың) теңге сомасында беріледі» делінген құжатта.
12,2 млдр теңге жылдық 0,01 % мөлшелемемен 25 жылға беріліп, бана есепшотына бірден аударылады. Қаржыны игеру мерзімі -22 жыл. Сыйақысын жылына 2 рет өтейді. Ал негізгі борышты 100 айдан аспайтын жеңілдік мерзім өткен соң, 2031 жылдан бастап төленеді.
Бюджеттік кредит берудің мақсаты – жылдық 2 % (екі пайыз) сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй қарызын беру.
Ал 39,7 млрд теңге 5 пайыздық несие беру үшін бөлінеді. Оның сыйақы мөлшерлемесі – 0,15 пайыз, ақша шотқа түскен сәттен 17 жыл ішінде игерілуі тиіс,
Бюджеттік кредитті беру, өтеу және оған қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.
Жергілікті бюджеттерге бөлінетін несие
Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға 100 млрд теңге кредит бөлінбек.
«2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 202 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 100000000000 (жүз миллиард) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға кредит беру 10 (он) жыл мерзімге 0,01 % (нөл бүтін жүзден бір) сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі» делінген құжатты.
Жеңілдік кезеңі – 24 ай, негізгі борыш жеңілдікті кезең өткеннен соң өтеу кестесіне сәйкес жүргізіледі. Бюджеттік кредит 1 жылда игерілуі тиіс.