Қазақстан Халықаралық бокс қауымдастығының рейтингінде көш бастады

Жарияланды
Казахстан возглавил рейтинг IBA

Қазақстан 2023 жылғы әлем чемпионатынан кейін Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) рейтингінде бірінші орында тұр. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

«IBA сайтында осы спорт түріндегі үздік елдердің жаңартылған рейтингісі жарияланды. Қазақстан көш басындағы жеке дара орнын сақтап қалды! Осыған орай, мен елімізді осындай ерекше жетістікпен құттықтаймын!!!

Бұл спортшылар, жаттықтырушылар, дәрігерлер, мемлекетіміздің, федерацияның және әрине жанкүйерлеріміздің ортақ жеңісі!

Ең бастысы, біз еліміздің, халқымыздың сенімін ақтадық. Біздің міндетіміз – Қазақстанның көк туын ең ірі халықаралық турнирлерде биікке көтере беру»-деді ҚБФ президенті Кеңес Рақышев.

Сондай-ақ оқыңыз