Жаңалықтар

Тоқаев Ердоғанды Президент сайлауының екінші кезеңіндегі жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді», – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.

Түркияда 28 мамыр президент сайлауының екінші туры өткен болатын. Елде 14 мамырда өткен дауыс берудің бірінші турының қорытындысы бойынша ел президенті анықталған жоқ.

Түркиядағы президент сайлауына екі кандидат қатысты: қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған және біріккен оппозицияның жетекшісі Кемал Кылычдароғлу. Президенттікке үміткерлер Синан Оган мен Мухаррем Индже сайлаудан халықтың қолдауы болмағандықтан сайлау барысынан шығып қалған болатын.