31 мамырда митингке шыққандар 25 күнге қамалуы мүмкін – Прокуратура

Жарияланды
Информация о согласованных митингах 31 мая в Алматы — фейк — Прокуратура

Әлеуметтік желілерге 31 мамыр күні Алматы қаласында митинг өткізуге рұқсат берілді деген жалған хабар тарап жатыр. Алматы қаласының прокуратурасы ешқандай митингке рұқсат берілмегенін, алдын ала келісілмеген шеруге шыққандар 25 күнге қамалуы мүмкін екенін ескертеді.

Прокуратура бұл хабарды «арандату» дей отырып, жергілікті атқарушы орғандармен ешқандай бейбіт жиын өткізу жайы келілсімегенін хабарлады.

«Осыған байланысты, жалған хабарламалармен жарияланған акцияларды ұйымдастыру және оларға қатысу, сондай-ақ оларға шақыру заңсыз екенін ескертеміз», делінген хабарламада.

Бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен бекітілген. Осы заң талаптарын бұзғандар Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексінің 488-бабы бойынша жауапқа оның ішінде 25 тәулікке дейін қамалуы мүмкін.

Қазақстандық Адам құқықтары бюросының баспасөз клубында «31 МАМЫР» қоғамдық комитетінің баспасөз мәслихаты өткен. Ұйымдастырушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында 2023 жылдың 31 мамырында Ескерткіш алдында өтетін жыл сайынғы бейбіт жиын (әкімдік рұқсат еткен) өтетінін хабарлады.

«Халқымыздың  жаппай құрбандары туралы қоғамға объективті және шынайы жеткізу –  тарихи маңызды», деді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ оқыңыз