Әуе қорғанысы күштері әскери институтының «Әуе навигациясы және авиацияны жауынгерлік басқару» кафедрасында SKYLARK 1-LEX тактикалық ұшқышсыз басқарылатын аппарат кешені пайдаланылады.
Ақпараттық технологиялардың дамуы және ұрыс жүргізу тактикасындағы өзгерістер ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың операторларын даярлау қажеттігін өзектендірді.
2015 жылдан бастап Әуе қорғанысы күштерінің әскери білім ордасында Қарулы күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар мамандарын даярлау жүзеге асырылып келеді. Биылғы жылы әскери оқу орнына барлау жүргізуге арналған SKYLARK 1-LEX құрылғысы келіп түсті.
SKYLARK 1-LEX тиімділігі жоғары ұшқышсыз басқарылатын құрылғы армияның маневрлік бөлімшелерін күндізгі және түнгі уақытта нақты уақыт режимінде дәл және сенімді барлау деректерімен қамтамасыз ете алады. Көп бағытты антенна үш сағатта 40 шақырымды барлауға қабілетті. Қазіргі уақытта SKYLARK 1-LEX ҰҰА Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бөлімшелерінде кеңінен қолданылады. Олар Халықаралық армия ойындарының «Сұңқар аңшылығы» байқауында бірнеше рет қолданылған