Әуежай маңындағы 1,2 мыңға жуық жер телімі заңсыз берілген

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Әуежай маңындағы жерлерді жергілікті атқарушы органдар жекенің қолына заңсыз берген. Бұл жайлы Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев мәлімдеді.

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Тимур Ластаевтың айтуынша, Бас прокуратура тексеріс жүргізіп, нәтижесінде әуежайлардың санитарлық-қорғау аймағы шегінде жергілікті атқарушы органдардың 1,2 мыңға жуық жер телімі заңсыз бергенін анықтаған. Ол учаскелерге 900-ден астам ғимарат салынған. Ал әуежай комиссиясының келісімінсіз аэродром маңында 100 мыңнан астам түрлі нысан салынған.

«Аэродром маңындағы жер проблемаларын кешенді шешу үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан аэродром маңынан жер учаскелерін беру кезінде заңнама талаптарын сақтау және бұрын салынған заңсыз құрылыстар бойынша тиісті шаралар қабылдау қажет», дейді комитет төрағасы.

Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы сәуір айында заңсыз шығарылған мемлекеттік активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде Алматы халықаралық әуежай жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын мемлекет меншігіне қайтарды.

Сондай-ақ оқыңыз