Байден Ердоғанмен Швецияның НАТО-ға қосылуын талқылады

Жарияланды

АҚШ президенті Джо Байден Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы Швецияны НАТО-ға қабылдау мәселесін талқылағанын хабарлады. Президенттер талқылауды келесі аптада жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.

Байден сонымен қатар Ердоғанның президенттікке қайта сайлануымен құттықтады. АҚШ президентінің айтуынша, тараптар бір-бірімен байланыста болуға келіскен.

Швеция мен Финляндия 2022 жылы НАТО-ға қосылуға өтініш берді.

Түркия НАТО-ның мүшесі ретінде Скандинавияның екі еліне де Анкара олардың альянсқа қосылуы үшін бірнеше шарт қойды. Түркия күрд ұйымдарын террористік деп жариялауды, терроризмге айыпталған адамдарды ұстап беруді талап етті.

Бірақ Анкара Швеция бұл шарттарды толығымен орындамады деп мәлімдеді. Оның одаққа кіруі туралы келіссөздер тоқтатылды.

Финляндия сәуір айының басында барлық шартты орындап, ресми түрде НАТО-ға кірді.

Сондай-ақ оқыңыз