Елімізде 5G станциялары орнатылады

Жарияланды
5G
Фото: kursiv.media

«Қазақтелеком» бүкіл Қазақстан бойынша 7 мыңнан астам 5G станцияларын орнатады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының Қоғамдық кеңесінде компания басшылығы мәлімдеді.

Компания басшысы Қуанышбек Есекеев 2022 жылдың желтоқсан айында «МТ-S» ЖШС және «Кселл» АҚ ұсынған операторлар консорциумы 5G енгізу бойынша жиілік аукционында жеңіске жеткенін, 2027 жылға қарай бұл компаниялар бүкіл ел бойынша 7000-нан астам 5G базалық станцияларын орнататын айтты.

Ал биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 390-ға жуық базалық станция пайдалануға беріледі. «Қазақтелеком» мамандарының айтуынша, 2027 жылдың соңына қарай Қазақстан азаматтарының 80 пайызы 5G желісіне қосыла алады.

«Бұл бірегей цифрлық мүмкіндіктердің пайда болуы, инновациялар мен технологияларды дамыту, барлық салалардағы трансформация процестерін жеделдету арқылы ел экономикасы мен азаматтардың өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер етеді», дейді Қуанышбек Есекеев.

Kcell мен activ брендтеріне иелік ететін Kcell ұялы байланыс операторы 3700-3800 МГц диапазонында 5G желісін орналастыру үшін мемлекеттен жиіліктерді пайдалану құқығын алу мәмілесін жапқан болатын.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 2023 жылы ірі қалалар мен кейбір облыс орталықтарында ұялы байланыстың жаңа буыны – 5G енгізілетінін мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз