Еуропа қор нарықтары құлдырады
Фото: shutterstock.com
АҚШ қор биржалары дүйсенбіде Еске алу күніне орай жабылды. АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Кевин Маккарти мемлекеттік қарыз шегін көтеру туралы заң жобасын ұсынды, деп жазады KASE сарапшылары.
Аталмыш заң жобасы қарыз шегін 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін уақытша ұлғайтуды және алдағы екі жылда мемлекеттік шығынды шектеуді көздейді. Осы аптада инвесторлар мамыр айындағы жұмыс орындары туралы есеп пен ISM Manufacturing PMI сияқты экономикалық деректердің тағы бір раундын күтіп отыр.
Есесіне Еуропа қор нарықтары дүйсенбі күні қызыл түсте жабылды. DAX 40 индексі күні 0,2%-ға төмендеп, 15 953 тармақты құрады. Инфляцияға қатысты алаңдау мен пайыздық мөлшерлеменің одан әрі көтерілу мүмкіндігі инвесторлардың көңіл-күйіне әсер еткен. Ал нарық қатысушылары макроэкономикалық статистиканы, оның ішінде еуроаймақтағы инфляция мен PMI индекстері алдан ала бағамын күтіп, сақтық танытып отыр.
Жапонның Nikkei 225 индексі 0,4%-ға төмендеп, 31,114 тармақты құраса, ал Topix кең индексі сейсенбіде 0,6%- кеміп, 2,148-ге дейін жетті. Жапониядағы жұмыссыздық деңгейі сәуірде наурыздағы 2.8% -дан 2.6% -ға дейін төмендеген.. SoftBank Group (-3,5%), Tokyo Electron (-0,4%), Toyota Motor (-0,5%), Mitsui & Co (-0,8%) және Sony Group (-0,5%) сияқты компаниялар айтарлықтай шығынға ұшырады.