KASE Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізді

Жарияланды

2023 жылдың 30 мамырында «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE, Биржа) акционерлердің жылдық жалпы жиналысын (АЖЖЖ) өткізді. Бұл туралы «Қазақстан қор биржасы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Жиналыс барысында Биржа акционерлері бірқатар шешімдер шығарды, оның ішінде:

−       «Биржаның 2022 жылғы қызметі туралы» есеп және «2022 жылғы орнықты даму туралы» есеп назарға алынсын;

−       Биржаның 2022 жылғы жеке және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін;

−       таза кірісті Биржаны дамытуға бағыттай отырып бөлмеу;

­­−       «BDO Qazaqstan» ЖШС Биржаның 2023 жылғы шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігіне аудит жүргізу мақсатында Биржаның аудиторлық ұйымы болып белгіленсін;

−       2022 жылы акционерлердің Биржаның және оның лауазымды адамдарының қызметіне оның қызметі мәселелері бойынша өтініштерінің болмауы туралы ақпарат назарға алынсын;

−       Биржаның Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелерінің 2022 жылға арналған сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын;

−       2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Биржаның Директорлар кеңесінің мүшелеріне жылдық сыйлықақы төлеу;

−       Биржа жарғысына №6 өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2022 жылғы аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілікке сәйкес, KASE Тобының 2022 жылғы қаржы-шаруашылық қызметі мынадай көрсеткіштермен сипатталады:

−          кірістер 11,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы нәтижеден 65,8%-ға жоғары. Қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістер 34,6%-ға ұлғайып, 5,7 млрд теңгені құрады. Пайыздық кірістер 6,4 млрд теңгені құрап, 2,1 есеге артты;

−          шығыстар 4 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 37%-ға өсті;

−          таза пайда 6,8 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың нәтижесінен 74,6%-ға жоғары;

−          активтер 12 109,7 млрд теңгені құрап, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,8 есеге артты.

KASE қызметінің қорытындысы бойынша 2022 жылы сауда-саттықтың жиынтық көлемі 261,6 трлн теңгені құрап, 2021 жылға қарағанда 50%-ға ұлғайды.

Акциялар нарығын капиталдандыру жыл басынан бері 26,4%-ға немесе 7,6 трлн теңгеге төмендеп, 21,2 трлн теңгені (45,9 млрд USD) құрады. 2022 жылдың соңында Биржаның сауда тізімінде 100 Эмитенттің 114 атауындағы акциялар болды, оның ішінде төрт эмитенттің төрт атауындағы акциялар «листингілік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді. 2022 жылы акциялармен сауда-саттық көлемі 2021 жылға қарағанда 27,3%-ға немесе 115,5 млрд теңгеге 307,3 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Айналыстағы корпоративтік борыш көлемі 2022 жылы 6,3%-ға немесе 973,5 млрд теңге 14,4 трлн теңгеге (31,3 млрд USD) дейін төмендеді. 2022 жылдың желтоқсан айының соңында KASE ресми тізімінде 83 эмитенттің 346 шығарылымының корпоративтік облигациялары болды. KASE корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 2021 жылға қарағанда 25,6%-ға немесе 508,1 млрд теңге 2,5 трлн теңгеге дейін өсті.

KASE-де саудаланатын номинал бойынша мемлекеттік борыш сомасы жыл басынан бері 20,9%-ға немесе 3,7 трлн теңгеге ұлғайып, 21,5 трлн теңгені (46,7 млрд USD) құрады. KASE-дегі МБҚ сауда-саттығының жиынтық көлемі 6,0 трлн теңгені құрады және 2021 жылға қарағанда 67,9%-ға немесе 2,4 трлн теңгеге өсті.

Ақша нарығындағы сауда-саттықтың жиынтық көлемі өткен жылдың көрсеткішіне қатысты 51,9%-ға немесе 79,2 трлн теңгеге ұлғайып, 231,8 трлн теңгеге жетті.

Шетел валюталары нарығында өсім 34%-ды құрап, 20,8 трлн теңгеге жетті.

2023 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша Орталық депозитарийде 513 468 жеке тұлғаға ашылған 547 154 дербес шот болды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалар 340 789 жаңа дербес шотты тіркеді.

2022 жыл Биржаның 2024 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыруды жалғастыратын жыл болды, ол алдыңғы үш жылдық кезеңде енгізілген бастамаларды дамыту ретінде әзірленді. KASE жаһандық сын-қатерлер жағдайында және өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, стратегиялық міндеттерді мақсатты және табысты іске асырды және өз қызметтерін сапалы және үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етті, соның арқасында ол елдің қаржы институты ретінде жоғары тұрақтылықты сақтап қана қоймай, дамудың жаңа технологиялық сатысына шықты.

Сондай-ақ оқыңыз