Польша ЕО елдеріне Беларуссияға қарсы санкциялар енгізуге шақырды

Жарияланды

Польша ЕО елдерін Беларуссияға қарсы санкциялар енгізуге шақырды. Бұл мәлімдемені ЕО жанындағы Польша елшісі Анджей Садось жасады, деп хабарлады РИА Новости.

«Беларусьқа санкция салмай, Ресейге қарсы санкциялардың ұтымды мағынасы жоқ», — деді дипломат.

Ол поляк үкіметі Беларусь және ресейлік фирмалардың 365 өкіліне санкциялар салу туралы шешім қабылдағанын еске салды. Сондай ақ ел Беларусь және Ресей жүк көліктерімен шекарадан өтуге тыйым салуды жоспарлап отыр.


Сондай-ақ оқыңыз